Рамазан айында оразаға қатысты птәуа сағаты өтті 6247

Рамазан айында оразаға қатысты птәуа сағаты өтті

10 наурыз 2026 2 Оқу 1 минут

Рамазан айының соңғы жұмыс күнінде Ақтөбе облысы бойынша кезекті Пәтуа сағаты ұйымдастырылып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауаптар берілді. Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған діни мәселелерді ортаға салып, шариғатқа сай нақты түсіндірмелер алды.

Қойылған сұрақтардың қатарында: «Пітір садақасының уақыты қашан және мөлшері қанша?», «Пітір садақасын ақшалай берген дұрыс па, әлде азық-түлік түрінде берген абзал ма?» деген мазмұндағы сауалдар болды.

Имамдар бұл сұрақтарға жауап бере отырып, пітір садақасының уақыты Рамазан айының соңында, айт намазына дейін берілуі уәжіп екендігін атап өтті. Сонымен қатар, оның мөлшері әр өңірдің орташа күнделікті тұтыну бағасына байланысты белгіленетіні түсіндірілді. Пітір садақасын азық-түлік түрінде беру шариғатта негіз етілгенімен, қазіргі таңда мұқтаж жандардың қажеттілігін ескере отырып, ақшалай беру де құпталатыны айтылды.

Пәтуа сағаты барысында жамағат діни сауаттарын арттырып, Рамазан айының соңғы күндерін сауапты істермен өткізуге қатысты пайдалы мәліметтер алды. Осындай рухани кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.