«Нұр Ғасыр» мешітінінің ұжымына арнайы Ораза айт дастарханы жайылды 1662

«Нұр Ғасыр» мешітінінің ұжымына арнайы Ораза айт дастарханы жайылды

04 мамыр 2022 173 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұжымына ұлық мереке Ораза айт мерекесіне орай «Жастық» мейрамханасында айт дастарханын жайды.

Игі басқосуда Облыстың Бас имамы ұжымды Ораза айт мерекесімен құттықтап, Рамазан айында атқарған жұмыстарына алғысын білдірді. Дендеріне саулық, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тіледі.

Ал ұжым мүшелері басқосуды ұйымдастырған Бас имамға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі