#Рамазан 2026: Бүлдіршіндерге «Рамазан тәттісі» таратылды
Ойыл ауданында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес қасиетті айда «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлау мақсатында мешіт жамағатының қолдауымен «Рамазан тәттісі» таратылды.
Балаларға түрлі тәттілер салынған 40 қоржын табыс етілді.
Шара барысында тәрбиешілер өз ризашылықтарын білдірді. Рамазан айының мейірімділік пен қайырымдылық айы екенін бүлдіршіндерге мешіт қызыметкерлері насихаттады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































