Облыс имамы аудан әкімін құттықтады 49

Облыс имамы аудан әкімін құттықтады

28 тамыз 2020 181 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби қажы Оспан Шалқар ауданына жасаған арнайы сапарында жуырда тағайындалған аудан әкімі Жанболат Өтеғұлұлымен кездесті. Кездесу барысында бас имам Төлеби Дәділұлы аудан әкімін жаңа қызметімен құттықтап, Шалқар ауданындағы мешіттердің жағдайы мен имамдардың әлеуметтік мәселелерін сөз етті.

Өз кезегінде аудан әкімі Жанболат Жидеханов аудандағы діни ахуалға тоқталып, аудан имамы Бақыт Тойшыбаевтың қызметін жоғары бағалап, алдағы уақытта жан-жақты қолдау көрсететіндігін жеткізді. Қазіргі таңда Шалқар ауданында 7 мешіт қызмет етуде. Олардың барлығы да имаммен қамтамасыз етілген.

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

Баспасөз қызметі