«Qobda et» ет дүкеніне ҚМДБ халал куәлігі берілді
Қобда ауданының бас имамы Абай Шымболатов «Qobda et» ет дүкеніне халал куәлігін салтанатты түрде табыстады.
Бұл куәлік кәсіпорынның өнім дайындау, сақтау және сату үдерістерінің халал талаптарына сай жүргізілетінін растайды. «Qobda et» дүкені тұтынушыларға сапалы, таза әрі шариғат талаптарына сәйкес ет өнімдерін ұсынуды басты мақсат етеді.
Ауданның бас имамы адал кәсіптің, халық сеніміне сай қызмет көрсетудің және халал стандарттарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
«Qobda et» ұжымы алдағы уақытта да өнім сапасын жоғары деңгейде сақтап, тұрғындарға сенімді әрі халал өнім ұсынуды жалғастырады.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




































