Мәулітке арналған «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани шара өтті
Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен тарихи қалалық орталық мешітте қала мешіттері жамағаттарының ауызбіршілігін нығайту мақсатында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани шара өтті.
Аталған шарада қаланың Бас имамы Алмат Әли мәуліт айымен құттықтап, жамағатты әрдайым ауызбіршілікте болуға шақырды. Сондай-ақ наиб имам Ерәлі Құлмағанбетұлы жиналған жамағатқа ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл қасиеттерін айтып, оның сүнеттерінің өмірімізге қаншалықты маңызды екенін жеткізді.
Рухани кездесу соңында ұйымдастырушылар осындай игі шараның алдағы уақытта жалғасатынын жеткізді. Жиналған жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































