Ақтөбе: «Бақытжан» мешітіне жаңа имам тағайындалды 931

Ақтөбе: «Бақытжан» мешітіне жаңа имам тағайындалды

08 қазан 2021 190 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің имамы болып Ержан Мизамов тағайындалды. 

Ол  осыған дейін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Ержан Маратұлы – «Астана» медресе-колледжі мен Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған Бас имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Еске салсақ, Ержан Мизамов имамдықпен қызметпен қатар осыған дейінгі атқарған ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі және облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы қызметін жалғастырады.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі