#Рамазан2026: Білім сайысы ұйымдастырылды
Қасиетті Рамазан айына орай Ақтөбе қалалық орталық мешіті жамағаты арасында «Адамзаттың асыл тәжі» атты кітаптан білім сайысы өтті. Бұл тағылымды шараның басты мақсаты – жамағаттың рухани білімін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын күшейту және ізгі құндылықтарды насихаттау болды.
Сайыс барысында қатысушылар кітап мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды. Жамағат белсенділік танытып, жоғары дайындықпен келгендерін көрсетті. Нәтижесінде жеңімпаздар ретінде танылған бірінші орынға 20 000 теңге, екінші орынға 15 000 теңге, үшінші орынға 10 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.
Осындай рухани-танымдық шаралар мешіт жамағатының бірлігін арттырып, ілімге деген ынтасын күшейте түсетіні сөзсіз деді имамдар.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































