Ақтөбе өкілдігінде Пәтуа сағаты ұйымдастырылды 3664

Ақтөбе өкілдігінде Пәтуа сағаты ұйымдастырылды

16 қыркүйек 2024 291 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Пәтуа сағаты ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен облыстық мешіттің ұстазы, Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты Талғат Аманов «Истибро деген не? Қалай жасалады?», «Операциядан кейін үлкен кісінің намаз оқуы және дәрет алуы», «Тістегі пломбаға ғұсыл жүреді ме?», «4 ракағат намаздың бірінші отырысын ұмытып кетсе, не істейді?», «Үтір намазында құныт дұғасын ұмытып кетсе, не болады?», «Таһаджут намазына ұйықтап тұру міндет пе?», «Сәлем намазы қашан оқылады?», «Дәретте күмән туындаса, не істеу керек?», «Қалам сиясы дәретті өткізеді ме?», «Ғұсыл алу тәртібі?» атты сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Айта кетсек, Пәтуа сағаты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде де өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі