Пәтуа сағаты пітір мен фидияға арналды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде жұма намазынан кейін Пәтуа сағаты өтті.
Аталған Пәтуа сағатында пітір садақасы, оның мөлшері және фидия құны түсіндіріліп, талқыланды.
Одан өзге имамдар мен ұстаздар парыз саналған Рамазан оразасына байланысты сұрақтарға жан-жақты толыққанды жауап берді.
Айта кетсек, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маман, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов Шалқар ауданына барған іс сапарында «Оразаға қатысты сен білу керек мәселелер» тақырыбында мешіт жамағатына семинар өтті.
Аталған семинар барысында ұстаз ораза ұстаудың артықшылықтары мен пайдасы жайлы және оразаның шарттарына кеңінен тоқталды. Рамазан айының қадір-қасиеті мен маңыздылығын түсіндірді. Атап айтсақ, оразаның түрлері, оны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, оған қатысты пәтуаларға толығымен тоқталып , иғтикаф ,пітір садақасының да пайдаларын кеңінен ашып айтты. Семинар қортындысында тақырыптарды пысықтау мақсатында сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі