Мұғалжар аудандық мешіті Құрбан айтты атап өтті 3423

Мұғалжар аудандық мешіті Құрбан айтты атап өтті

16 маусым 2024 472 Оқу 1 минут

Ұлық мейрам - Құрбан айт мерекесіне орай “Нұртай” атындағы Мұғалжар аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өтетін мерекелік іс-шара өтті.

Келушілер үшін бірнеше байқау мен жарыс ұйымдастырылды.

Атап айтсақ:

Құран жарысы

балалар үшін қол күрес, арқан тартыс, серпіліс, доп шеберлері және асық ату ойынынан спорттық сайыс

Сонымен қатар Ислам діні төңірегінде сұрақ-жауап байқауы өтті. 

Ал ересектер арасында: 

Гір көтеру,  қол күрес пен арқан тартыс, садақ ату, қазақша күрес пен серпіліс сынды спорт түрлерінен спорттық жарыс ұйымдастырылды.