Хромтауда Хоккей сайысы өтті 623

Хромтауда Хоккей сайысы өтті

16 сәуір 2021 129 Оқу 1 минут

ҚМДБ биыл Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздік мерейтойына бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарға енгізілген болатын. Аталмыш жоспар аясында әртүрлі игі іс-шаралар өткізу күн тәртібіне қойылды.

Осыған орай, салауатты өмір салтын насихаттау, жамағаттардың бірлігін бекемдей түсу мақсатында Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 30 жылдығына» орай «Тәуелсіздік тарландары» атты допты хоккей сайысы өтті.

Шараға қаладағы спорт сүйер жамағат, жастар, мешіт қызметкерлері қатысып, таза ауада мұз бетінде шайба соғып, нағыз бәсекенің көрігін қыздырды. Жарыс қызу тартысты өтті. Бәсекеде топ жарып, қарсыласынан озған хоккей командасына «Нұр» мешіті атынан имам сыйлық ұсынды. Жарысқа қатысқан басқа командалар мен номинациялар бойынша ойыншылар алғыс хаттармен марапатталды.

Қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттау бағытында өткізілген спорттық іс-шараны ұйымдастырған мешіттің қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі