Облыстық мешітте Рамазанға дайындық ретінде кілем жаңартылды 2554

Облыстық мешітте Рамазанға дайындық ретінде кілем жаңартылды

14 наурыз 2023 103 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Рамазанға дайындық ретінде мешіттегі 1 қабаттың кілемі жаңартылды. 

Әбу һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері – мешіттер» дегенді қағида еткен дін жанашырлары қасиетті Рамазан айында жамағатқа жайлы болу мақсатында
1 млн 800 мың теңгеге кілемдер хадия ету арқылы жамағатқа қуаныш сыйлады.

Жаңа кілем арқылы мешіттің өңі кіріп, жаңа қырынан әсем күйде жарқырап шыға келді.

Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» делінген «Бақара» сүресінің 272-аятында. 

Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибратты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген.

Алланың үйіне қайырымдылық жасаған кәсіпкерлерге алғыс айтып, кәсібіне Алла Тағала бақ-береке, отбасыларына амандық нәсіп етуін тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі