Орамал – ибалылық пен имандылық нышаны
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен 1 ақпанда Орамал күні аталып өтті.
Шараның ашылуында аудандық мешіттің наиб имамы Алдияр Алуадинов құттықтау сөз сөйлеп, шара шымылдығын Құран аяттарымен ашып берді.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұргүл Аманғалиева қазақ тұрмысындағы орамалдың орны, оның түрлері мен мәні жөнінде тарихи деректерге сүйене отырып мазмұнды әңгіме өрбітті.
Мерекелік басқосуда қатысушылар бір-біріне орамал сыйға тартып жатты.
Шара соңында ақ дастарқан жайылып, ғибратқа толы әңгімелер айтылды. Бұдан бөлек, орамал түрлерінен көрме ұйымдастырылып, оларды тарту әдістері таныстырылды.
















































