Ақтөбе: Х Республикалық Құран жарысына үміткерлер анықталды (ФОТО) 740

Ақтөбе: Х Республикалық Құран жарысына үміткерлер анықталды (ФОТО)

18 тамыз 2021 249 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша Х республикалық Құран жарысына Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Аталған сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын, 29-30 парасын және толық Құранды жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 6 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Бекзат қари Дулатұлының әуезді Құран оқуымен басталған жарысты Қайырқожа мешітінің имамы Сұңғат Саметов жүргізіп отырды.

Жарыс басында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

Іріктеу сайысына Ақтөбе облысы бойынша 32 үміткер қатысып, бақ сынады.

Құран жарысының іріктеу сайысына қазылық еткендер – Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұрғасыр» мешітінің наиб имамы, Ақтөбе қаласы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов, Бекзат қари Дулатұлы болды.

Ұйымдастырушылар тарапынан карантиндік жағдайлар ескеріліп, Алланың үйін нұрландырған Құран жарысы тікелей көрсетілімде, атап айтқанда инстаграмдағы @nurgasyr.kz парақшасы мен "Нұр Ғасыр мешіті" атты youtube арнасынан тікелей эфирде көру мүмкіндігі қарастырылды. Тікелей эфирді 4000 адам көрді.

Биылғы Құран жарысының жылдағынан ерекшелігі – іріктеу жарысына Ақтөбеліктер ғана қатысты. 

 Жалпы жүлде қоры: 1 млнға жуық.


Х Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысының жүлдегерлері төмендегідей марапаттарға ие болды:

 

Жолдамалар

Толық Құраннан жолдама – Тасболатов Бекзат (100 000 тг);

20 парадан жолдама – Раушан Хабибулла (100 000 тг);

10 парадан жолдама – Мұздақбай Нұргелді (100 000 тг);

Мәнерлеп оқудан жолдама – Дәуренбекұлы Бекжан ( 70 000 тг);

Құран Кәрімнің 29-30 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Молдин Ахад (150 000 тг);
ІІ орын – Құндызбай Асан (100 000 тг);
ІІІ орын – Мыңбаев Жалғас (70 000 тг).

Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Әділгерей Нұрбек (100 000тг);
ІІ орын – Бархад Ислам (70 000 тг);
ІІІ орын – Өмірзақов Жайдар (50 000 тг).

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

І орын – Дәуренбекұлы Бекжан ( 70 000 тг);

ІІ орын – Бақытжан Жасұлан(50 000 тг);

ІІІ орын – Қыдырбаев Дәулет (30 000 тг).

Жоғарыдағы 4 номинация бойынша жолдама алғандар 2021 жылы Түркістан қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша Х Республикалық Құран жарысына Ақтөбе өңірінің атынан бақ сынайды. Қариларға сәттілік тілейміз! Алла жар болсын!


 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі