РАНТ мүшесінің қатысуымен  5 күн ішінде 1200 адамды қамтыған 19 іс-шара өтті (фото) 918

РАНТ мүшесінің қатысуымен 5 күн ішінде 1200 адамды қамтыған 19 іс-шара өтті (фото)

04 қазан 2021 178 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі мен «Ансар» КБОО ҚБ ұйымдастыруымен 20-24 қыркүйек аралығында РАНТ мүшесі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «muslim.kz» ақпараттық, рухани-ағарту порталының (орыс бөлімі) редакторы Мақсатбек Қайырғалиевтің қатысуымен Ақтөбе қаласы мен Алға, Хромтау аудандарында әртүрлі форматтағы 19 іс-шара ұйымдастырылып, 1200 жуық адам қамтылды. 

Атап айтқанда, ҚАЖД қарасты түзету мекемелері бойынша КА 168/1 және 168/2 түзету мекемелерінде 3 азаматпен жеке кездесулер өткізіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ 168/2 түзету мекемесіне «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын таныстырып, мекеме кітапханасына тарту етті.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр», қалалық «Нұрдаулет», «Ақтөбе қалалық орталық» және Хромтау аудандық «Нұр» мешіттерінде 6 рет бесін, құптан және жұма намаздарында жергілікті 900 жуық жамағатқа «Ихсан ілімінің мағынасы», «Ханафи мәзһабының негіздері», «Сенімге селкеу түсірмейік» және т.б. тақырыптарда уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Одан өзге «Діни оңалтудың заманауи әдістері» атты 30 жуық Ақтөбе қаласының имамдары және ҚАЖ түзету мекемесінің теологтарына арналған семинар өтіп, «ҚР тыйым салынған діни ағымдардың шығу тарихы, негіздері және қоғамға қауіпі» тақырыбында Ақтөбе облысы бойынша оңалту жұмыстарымен айналысатын 10-ға жуық теолог, имамдарға біліктілігін арттыру семинары ұйымдастырылды.

Іс сапар барысында Алға ауданы, Бестамақ ауылы «Ақтөбе медресе» колледжінің 110 жуық студентімен «Діни білім алудағы жауапкершілік» тақырыбында кездесу өтті.

Сонымен қатар Алға қаласында «Family Food» кафесінде «Фиқһ ілімінде ғарар (белгісіздік) мәселесі» тақырыбында 25 жамағатпен дастархан басында кездесіп, уағыз-насихат жүргізді.

Хромтаудағы сапар барысында тау-кен техникалық коллледжінің 60 жуық студенттерімен «Діндегі теріс ағымдар» тақырыбында кездесу өтті. Аталған аудандағы «Нұр» мешітінде екі ДДА ұстанушымен жеке кездесулер өтіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ал БАҚ бойынша Мақсатбек Мақсотұлы өңірлік «Рика ТВ» телеарнасының «Кәусар» бағдарламасына «Дін атын жамылған теріс ағымдар», «Aqtobe» телеарнасына «Дәстүрлі дін – тұрақтылық кепілі» тақырыбында және «Тандем» радиосына «Жат діни ағым бірлікке емес, бүлікке апарады» тақырыбында сұхбат берді.

Одан өзге «Аңсар» АТО мәжіліс залында БАҚ өкілдеріне «БАҚ-та діни тақырыптарды жариялаудың кейбір ерекшеліктері» тақырыбында «Ақтөбе газеті», «Актюбинский вестник», «Керек Іnfo», «Nur.kz» ақпараттық порталының тілшілеріне семинар ұйымдастырылды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі