Мәртөк ауданының жаңа бас имамы тағайындалды
Бүгін қасиетті жұма күні Мөртөк аудандық мешітінің Бас имамы болып Марал Ермекбайұлы тағайындалды.
Ол – бұған дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.
Марал Иманғали – 2011-2015 жж «Ақтөбе» медресе-колледжінің түлегі. 2017 жылы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында, 2022 жылы Мысыр Араб Республикасының әл-Азһар университетінде 2 айлық курс оқыған.
Жаңадан тағайындалған имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы таныстырып, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Еңбек өтілі
2015-2021жж Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы;
2022-2023 жж – Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы.
Одан өзге Мәртөк ауданына арнайы іс сапармен барған облыстың Бас имамы «Ардақты пайғамбарымызды ﷺ жақсы көру» тақырыбында жұма уағызын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі