ОНЛАЙН ДӘРІСТЕР ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА ДА ЖАЛҒАСАДЫ 53

ОНЛАЙН ДӘРІСТЕР ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА ДА ЖАЛҒАСАДЫ

28 тамыз 2020 217 Оқу 1 минут

Елдегі карантин жағдайына байланысты көктемде басталыпжазда жалғасқан ҚМДБ имам-ұстаздарының онлайн дәрістері келер күзде де көрермен назарына ұсынылмақ.

Нақтырақ айтқанда, 1 қыркүйектен бастап қазақ тіліндегі дәрістер күн сайын сағат 12:00-де, ал орыс тіліндегі онлайн дәрістер 18:00-де тікелей эфирде өтеді. Сонымен бірге, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Жұма насихатын әр жұма сайын сағат 13:00-де тыңдай аласыздар.

Қазақ тіліндегі дәрістерді Мүфтияттың Instagram-дағы парақшасынан (@muftiyatkz) және Хикмет студиясының ютуб арнасынан, ал, орыс тіліндегі онлайн дәрістерді @hikmet.tv Инстаграм парақшасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Онлайн-дәрістердің кестесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.