Бас имам мерекелік медальмен марапатталды 52

Бас имам мерекелік медальмен марапатталды

28 тамыз 2020 270 Оқу 1 минут

Ел ішінде татулық пен бірлікті сақтау жолында дін қызметкерлерінің де еңбегі зор. Бүгінде мешіт бұқара халықтың рухани ошағына айналып, имамдар жастарды жақсылыққа бастап, халықты бірлік пен татулыққа үндеуде. Наурыз айында карантиндік режим енгізілгеннен бері облыс имамдары әр түрлі фарматта қайырымдылық шараларын сәтті ұйымдастырып, халықтың жанынан табыла білді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтпақшы, мешіттер есігі жабылғанмен имамдар мұқтаждарға жәрдем беріп, сауап есігі жабылмағандығын көрсетті. Онлайн түрде танымдық насихаттар жүргізіп, халыққа дұрыс діни ақпарат жеткізуге тырысты. Үрей басқан елге әсерлі уағыздарымен үміт сыйлай білді.

Ақтөбе облысының барша имамдарының жамағат бірлігі мен ел татулығы жолындағы еңбегі еленді. Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Шахаров Асхат Бас имам Төлеби қажы Дәділұлын «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. «Ұлтаралық, дінаралық татулық пен тұрақтылық жолында дін қызметкерлерінің еңбегі зор. Еңбектерініңіз жемісте болғай. Конституция күні құтты болсын!», – деді қала басшысы Асхат Берлешұлы.

ҚМДБ-ның Ақтөбе өкілдігі Бас имам Төлеби Дәділұлын мерекелік медалімен құттықтай отырып, қызметіне табыс тілейді. Бұл барша имамдарға көрсетілген құрмет деп білеміз. Марапат құтты болсын!

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

Баспасөз қызметі