Кәсіпкер наиб имамға Умра сертификатын табыстады 1967

Кәсіпкер наиб имамға Умра сертификатын табыстады

05 тамыз 2022 161 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы «Досжан хазірет» мешітінің наиб имамы Жетесов Мейрамбек Нағымұлына өңірлік кәсіпкер азамат умра қажылығын сыйға тартты. Сияпатты жұма намазының уақытында, жамағат алдында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы табыс етті.

Мейрамбек Нағымұлы 6 бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке, дін саласында 2005 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан білікті маман. Атап айтқанда, Алға, Темір аудандарында,

2014-2015 жылдары Ақтөбе медресе колледжінде,сондай-ақ,

2018—2021 Қостанай қаласында діни қызметтер атқарған.

Он бес жылға жуық халыққа дәстүрлі дініміздің қыр-сырын түсіндіріп, қоғамды рухани сауаттандыруда аянбай еңбек етіп келе жатқан білікті маманның еңбегі одан әрі жана берсін деген ниетпен қолы ашық, жомарт жандардың риясыз қолдауы көпке үлгі етерлік іс деп білеміз.

Аты-жөнін көпшілікке жария етпеуді өтінген кәсіпкер азамат дін саласының үздіктерін әрдайым қолдауға дайын екендігін жеткізді. Осындай елдің болашағы үшін бір-бірін қолпаштап, көтермелейтін ер азаматтар барда елдіктің еңсесі биік болады деп сеніммен айта аламыз.Аталған іске мұрындық болған азаматтың отбасына амандық,кәсібіне береке тілейміз.Алла Тағала екі дүниеде де абыройын арттырғай!


Ақтөбе қалалық орталық 

мешітінің баспасөз қызметі