«Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында оқушыламен  кездесу өтті 3103

«Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында оқушыламен кездесу өтті

13 қараша 2023 906 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бозой ауылдық «Аманғали ахун Итесұлы» мешітінің имамы Шерхан Батырханұлы «Бозой ЖОББМ» КММ-нің оқушыларымен «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – ислам діні, иман тақырыптарында түсінік қалыптастыру. оқушылардың ойлау қабілетін шыңдай отырып адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Аталған кездесу еркін форматта өтіп, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына тың жауап берілді.

Айта кетсек, кездесуге 8-11 сынып оқушылары яғни 120 оқушы қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі