«Көшпелі уағыз керуені»: Ерәлі Құлмағанбетұлы «Сүлеймен» ата мешітінде насихат айтты
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы «Сүлеймен ата» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Отбасында ата-ананың және перзенттің құқығы мен орны” тақырыбында айтылған уағыз-насихатта: “Ата-анаға құрмет көрсету – исламдағы ең ұлы құндылықтардың бірі, әрі оның рухани жүйесінің негізін құрайтын басты тіректердің қатарында. Ислам діні ата-ананы ұлықтап, оларға ерекше ілтипатпен қарауға, сыйлап-құрметтеуге, қадірлеуге шақырады. Ата-анаға жақсылық жасау – Алла Тағаланың разылығына жетудің, әрі бұл дүниеде де, ақыретте де адамның табысқа жетуінің негізгі себептерінің бірі,”-деп атап өтті.
Одан өзге ұлтымыздағы негізгі тәрбиеде де ата-ананың хақысы жоғары екендігі жөнінде тілге тиек етті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































