Жас спортшыларға дін мен дәстүр сабақтастығы түсіндірілді
Мәртөк аудандық мешітінің Бас имамы Иманғали Марал аудандағы Мәртөк балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізді.
Шара барысында жас спортшылар көкейкесті сұрақтарын қойып, сұрақтарына тұшымды түрде жауап алды.
Сонымен қатар ауданның бас имамы қазіргі заманда дін мен дәстүрдің сабақтастығын түсіндірді.
Айта кетсек, шараға 20-ға жуық адам қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі