Ақтөбе: Тәж кию рәсімі өтті 1134

Ақтөбе: Тәж кию рәсімі өтті

26 қараша 2021 416 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстық орталық мешіттің ұстазы Ардақ Бағдалдың ұйымдастырумен «Ғаламның нұры» атты тәж кию рәсімі өтті.

Рухани негіздегі іс-шара Алланың қасиетті сөзімен ашылды. Сонымен қатар Алла Тағаланың 99 көркем есімі дәріптеліп, Құран үйрену мен жаттаудың екі дүниедегі артықшылығы айтылды.

«Сауат ашу» курсында оқыған 12 шәкірт бір жарым айдың ішінде араб әліпбиін танып, мұғалім сани оқулығын аяқтап, салатанатты түрде тәж киіп, Құранға өтті.

«Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарова шараның маңыздылығына тоқталып, тәж киген 12 шәкіртті алғашқы белесті бағындыруымен құттықтады. Ал тәж киген шәкірттердің ата-аналары ұйымдастырушыларға алғысын айтса, жалғастырушы Құран тобынан шәкірттері тәж киген шәкірттерге арнайы лебіздерін білдірді.

Одан өзге шәкірттер әрбір амалды шынайы ықыласпен Алла разы болатындай орындау керектігі туралы «Аллаға құрмет», «Кешіктірілген намаз» атты арнайы қойылым қойды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі