Облыстық мешітте Қадір түніне орай викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды 2645

Облыстық мешітте Қадір түніне орай викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды

17 сәуір 2023 109 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде мың айдан да қайырлы Қадір түніне орай жамағат арасында викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Сауабы мол ізгі шараны облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов өткізді.

Наиб имам Адамзаттың асылы, сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны, Ислам тарихы, ғибадат мәселелері, 40 парыз, зекет, ораза, қажылық секілді күрделі сұрақтар қойып, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар тарту етті.

Айта кетсек, аталған викториналық сұрақ-жауаптың өтуіне демеушілік танытқан «Zahra», «Muslim store», «Ислам бұйымдары», «Paidam tise» секілді ислами тауарлар дүкеніне алғысымызды білдіреміз! Алла Тағала кәсіптеріне береке нәсіп еткей!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі