Болашақ мамандар марапатталды 700

Болашақ мамандар марапатталды

28 шілде 2021 124 Оқу 1 минут

Бүгінгі таңда теология саласындағы кадрлардың саны артып, әсіресе, жастардың діни қызметті жауапкершілікпен атқаруылары көз қуантады.

Жоғары білім алушылар өз өңірлеріне келіп жұмыс жасауы аймақтардағы діни ахуалдың тұрақты болуына өз ықпалын тигізіп жатқандығы анық.

Сондай талапты жастардың қатарынан табылған Нұр-мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің студенттері

Нұрымжанова Толғанай

мен Сарсенбаев Нұрсұлтан және Сарыағаш медресе колледжінің студенті Қуандық Әсем Ақтөбе қалалық орталық мешітінінде іс-тәжірибесінен өтіп, болашақ дайын маман екендіктерін байқатты.

Аталған студенттер мешіт жанындағы жазғы сауат ашу курсында бүлдіршіндерге негізгі пәндерден дәріс беріп, түрлі танымдық ойындар арқылы өздерінің ұстаздық қырларын да танытты.

Осындай жастардың азды-көпті еңбектерін елеп, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы студенттерге алғысын білдіріп, қолдау ретінде қаржылай сый-сияпат табыс етті. Сондай-ақ, асыл дініміздің дамуы мен қоғам руханияты үшін аянбай еңбек етулеріне тілектестік білдірді.


 Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі