«DONER NA ABAYA» дәмханасына «ҚМДБ халал» стандарты куәлігі берілді 6602

«DONER NA ABAYA» дәмханасына «ҚМДБ халал» стандарты куәлігі берілді

31 шілде 2026 60 Оқу 1 минут

Бүгін қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне жиналған жамағат алдында Ақтөбе қаласында орналасқан «DONER NA ABAYA» донер дәмханасына «ҚМДБ халал» стандарты куәлігі берілді.

ҚМДБ «Халал Даму» технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы фаст-фуд тағамдарын дайындауда қолданатын шикізаттар мен тағамдық қоспаларды толықтай тексеріп, қажетті өнімдерге зертхана сараптамасын жасады. Тексеру барысында кәсіпорынның өндіріс процесі, қолданылатын шикізат, сақтау және өткізу талаптары жан-жақты сараланып, халал стандартының талаптарына сәйкес екендігі расталды.

Кәсіби мамандар жүргізген аудит жұмыстарынан кейін «DONER NA ABAYA» донер дәмханасы «Тамақтану қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды.

«QMDB HALAL» куәлігін салтанатты түрде Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов кәсіпорын иесі Қанатбай мырзаға табыстап, кәсіп иеcі мен ұжымын құттықтады. Сонымен қатар адал әрі сапалы өнім ұсыну жолындағы еңбектеріне сәттілік тілеп, халыққа сенімді әрі халал өнім жеткізу ісіне табыс тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі