«Munara.tv» телеарнасының облыстағы студиясы тікелей қосылым жасады 2644

«Munara.tv» телеарнасының облыстағы студиясы тікелей қосылым жасады

17 сәуір 2023 76 Оқу 1 минут

Бүгін Қадір түніне орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде орналасқан ҚМДБ-ның төл телеарнасы, республикалық «Munara.tv» арнасының студиясы тікелей қосылымға шықты.

Эфирді тізгіндеген журналист Ақтолқын Тажикова. Ал облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мың айдан да қайырлы Қадір түнімен құттықтады. Сонымен қатар ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде атқарылып жатқан іс-шараларды баяндады.

Одан өзге ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ғалым Елкейұлы ұлық түнде ізгі тілегін білдірді.

Тікелей қосылымды https://www.youtube.com/watch?v=uPQpjc185rw осы сілтеме арқылы көре аласыздар.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі