Облыстық мешітке жаңа наиб имам тағайындалды 2542

Облыстық мешітке жаңа наиб имам тағайындалды

10 наурыз 2023 184 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы болып Азат Ерланұлы тағайындалды. 

Ол – бұған дейін Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласында «Биеке ата» мешітінің наиб имамы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығында» теолог қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Азат Ерланұлы Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы, «Айн-Шамс» университетінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған наиб имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.


Білімі:

2013-2014 – Ніл араб тілі даму орталығы;

2014-2015жылы – Әль-Азһар университетінің жалпы мамандық бойынша тамамдаған.

2016-2020 жылдар аралығында «АЙН-Шамс»университетіндегі «Араб тілі және мәдениеті» мамандығын аяқтаған.


Еңбек өтілі:

2020-2021жж – Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласында «Биеке ата» мешітінің наиб имамы;

2021-2022 жж Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы" теологы.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі