Мешіт жамағатына арналған автотұрақ салынды 2183

Мешіт жамағатына арналған автотұрақ салынды

17 қазан 2022 98 Оқу 1 минут

Жуырда ғана дін жанашырының мұрындық болуымен қаладағы «Досжан Хазірет» мешітіне келуші жамағатына арналған автотұрақ салу жұмыстары басталған еді.

Аталған автотұрақ өз мәресіне жетіп, мешітке келушілерге пайдалануға берілді.

Асыл дініміз ислам – тек жақсылықты дәріптейтін дін. Исламда қайырымдылық пен мейрімділік өте үлкен маңызға ие. Алла Тағала мұқтаждарға көмектесу, жақсылық жасау туралы «Мәида» сүресінің 2 аятында: «Ізгілік пен тақуалықта өзара көмектесіңдер» деп бұйырады.
Қазақ халқында «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі» деген мақал бар. Бір сөзбен айтқанда, жақсы-жаман демей, адамға жақсылық жасаудың маңыздылығынн, оның аса құнды қасиет екенін бабаларымыз айтып кеткен.
Атсалысқан барша азаматтарға Алла Тағала разы болғай!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі