Алға: Ізгі қоғам – исламның басты міндеті 2541

Алға: Ізгі қоғам – исламның басты міндеті

09 наурыз 2023 85 Оқу 1 минут

Алға ауданының Бас имамы Әбдіуахит Әбдірасуловтың ұйымдастыруымен ҚМДБ бекіткен 5 бағыт аясында насихат жұмыстары өткізіліп келеді.

Атап айтсақ, бүгін аудандық «хазрет Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы» мешітінде «Ақтөбе» медресе-колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ұстаз Жексенбай Торбаев «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар ұстаз тақырып аясында ізгі қоғам – исламның басты міндеті екенін толық түсіндіріп өтіп, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.

Одан өзге келесі бейсенбі күні мешітте облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов «Ихсан және насихат» туралы жамағатқа баяндап, маңыздылығына тоқталады.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі