Қобда: 25 қазан Республика күніне орай «Білім –  шамшырақ» атты интеллектуалды зияткерлік ойыны өтті 3019

Қобда: 25 қазан Республика күніне орай «Білім – шамшырақ» атты интеллектуалды зияткерлік ойыны өтті

24 қазан 2023 47 Оқу 1 минут

Бүгін Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің және аудандық «Жастар ресурс орталығының» ұйымдастыруымен 25 қазан – Ұлттық мереке Республика күніне орай аудан жастары мен жамағат арасында тарихты кеңінен насихаттауға бағытталған және жастар арасында өзара пікір алмасып, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға мақсатында «Білім – шамшырақ» атты интеллектуалды зияткерлік ойыны өтті.

Аталған додада командалар тартысты әрі қызықты ойында аудан тарихына және зияткерлік қабілетті дамытуға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындады.

Тартысты өткен сайыста І орынды әйел жамағатынан құралған «Бірлік» командасы, ІІ орынды ерлер жамағаты «Қаһарман» командасы, жүлделі ІІІ орынды «Алтын орда» командасы иеленді.

Одан өзге сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Аңсар Байғанин» қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен құнды кітаптар табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі