Облыстық мешітің наиб имамдары Мұғалжар ауданына барды 5069

Облыстық мешітің наиб имамдары Мұғалжар ауданына барды

10 December 2025 140 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Жексенбай Торбаев пен Мәжит Әбішев арнайы жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданынан барды. 

Сапар барысында аудандық мешітте Мәжит Әбішев «Алланы зікір етудің сауабы» тақырыбында, ал Жексенбай Торбаев қалалық «Қадірәлі ата» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында бесін уағыздарын айтты.

Одан өзге өңірдің діни ахуалы, жамағаттың ынтымақ пен бауырмалдығын арттыру мәселері туралы ауданның Бас имамы Мұхаммедисмаил Шадманға әдістемелік көмек берілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі