Рамазан айында ауқымды қайырымдылық іс-шаралары өтеді
Бүгін елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.
«Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Діни басқарма жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті айда «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәбәрігі» сынды ауқымды республикалық қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырады» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы.