Ұстаз шәкірттермен «Ақида» кітабын оқып аяқтады
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов мешітке дәріске келіп жүрген жамағат шәкірттерге тұрақты түрде фиқһ, ақида, Құран дәрістерін өткізуде.
Осыған орай бірнеше ай бұрын бастаған ақида пәнінің еңбегі «Тахауи ақидасы» кітабын жақында шәкірттермен толық оқып аяқтап, шәкірттерге дастархан жайылды.
Дастархан басында ұстаз тұрақты түрде дәрістерге қалмай қатысып, табандылық пен сабырлық танытқаны үшін рахметін айтып, Алладан береке тіледі. Өз кезегінде шәкірттер ұстаздарына ерекше ықыласпен алғыстарын айтып, ақсақалдар баталарын берді.