Бас мүфтидің кеңесшісі сұхбат берді 4740

Бас мүфтидің кеңесшісі сұхбат берді

10 тамыз 2025 132 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сай Бас мүфтидің кеңесшісі, ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков Ақтөбе облысына келген арнайы іс сапарында өкілдіктің ютюб арнасына «Сабыр әлде шүкір: мұсылманға қайсысы бірінші керек?» тақырыбында сұхбат берді.

Бас мүфтидің кеңесшісі РАТТ мүшесі, журналист, дін маманы Ақтолқын Тажикованың тақырып аясындағы сауалдарына жіті жауап берді.

РАНТ мүшесі сұхбат барысында сабыр мен шүкірдің адам өміріндегі маңыздылығын баяндап өтті. Құран мен хадис, бабалар мектебінен мысалдар келтірді.

Сұхбатты алдағы уақытта ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ютюб арнасынан көре аласыздар.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі