Ырғыз ауданына жаңа бас имам тағайындалды 2288

Ырғыз ауданына жаңа бас имам тағайындалды

28 қараша 2022 209 Оқу 1 минут

Ырғыз аудандық мешітінің Бас имамы болып Ғалым Русланұлы тағайындалды. 

Ол – бұған дейін Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығында теолог қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері. 

Ғалым Идрисов – «Ақтөбе» медресе-колледжі мен Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің түлегі. 

Жаңадан тағайындалған Бас имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман таныстырып, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Ғалым Идирисовты тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.  


 Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі