29 Мұхаррам
21:11 Ақшам
Облыстың Бас имамы жазасын өтеушілерді Құрбан айт мерекесімен құттықтады 4584

Облыстың Бас имамы жазасын өтеушілерді Құрбан айт мерекесімен құттықтады

08 маусым 2025 86 Оқу 1 минут

Бүгін Құрбан айттың үшіншісі күні облыстың Бас имамы Амантай Садиев №8 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. 

Аталған кездесуге облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Махамбет Бисенов, «Ихсан» орталығының теологы Қанат Алшынбаев қатысты.

Облыстың Бас имамы Амантай Садиев Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Отанды сүю, тәуелсіздік туралы насихат айтты.

«Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Отан дегеніміз туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу әрбір мұсылманның діни әрі азаматтық борышы. Расында, елін, жерін жақсы көру шынайы имандылықтың көрінісі», деді Амантай Садиев.

Ал облыстың бас имамының бастамасымен кездесуге ұлық мерекені ұлықтау мақсатында облыстық мешіт атынан 400 000 теңге қаражат бөлінді. Бір ірі қара мал құрбандыққа шалынып, 250 адамға арнайы мерекелік айттық дастархан жайылды.

Сонымен қатар арнайы гір көтеру, қол күрес, арқан тартыс, қой көтеру т.б ұлттық спорттық түрінен сайыс ұйымдастырылды. Белсенді қатысушылар мен үздіктер алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара қортындысында сұрақ-жауап ойыны өтті. Мекеме басшылығы мен жазасын өтушілер бас имамғ алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі