Ойыл аудандық мешітіне наиб имам тағайындалды 1899

Ойыл аудандық мешітіне наиб имам тағайындалды

10 шілде 2022 146 Оқу 1 минут

ЖАНТ мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Ойыл ауданына іс сапармен барды. 

Сапар барысында аудан әкімінің орынбасары Сакен Сапарұлымен кездесіп, өңірдің діни ахуалына жіті тоқталды. Сонымен қатар жаңадан тағайындалған аудандық орталық мешіттің  наиб имамы Сұлтанбек Мұқашовты таныстырып, имамға қолдау білдіруге шақырды.

Одан өзге аудандық орталық мешітте Мұхаммедисмаил Шадман жұмаға жиналған жамағатқа жаңа наиб имам ретінде Сұлтанбек Қанатбайұлын таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетсек, наиб имам Сұлтанбек Мұқашов «Ақтөбе» медресе-колледжінің 2022 жылғы түлегі.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі