Облыстың Бас имамы «Тәңіршілдік дін бе, әлде наным-сенім бе?» тақырыбында сұхбат берді 2281

Облыстың Бас имамы «Тәңіршілдік дін бе, әлде наным-сенім бе?» тақырыбында сұхбат берді

22 қараша 2022 197 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасындағы  «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында қонақ болып, «Тәңіршілдік дін бе, әлде наным-сенім бе?» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында Бас имам «Тәңір» ұғымынан бастап ашық түсіндіріп өтті.

«Әуелі дін дегеніміз не? Дін сөзінің мән-мағынасы қандай? Осы тұрғыдан алар болсақ, дін сөзінің араб тіліндегі мағынасы: сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал терминдік мағынасы: Алла Тағала тарапынан жіберілген иләһи жүйе, заң. Ол адамзат баласының өмір сүруін ретке келтіретін, адамның жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықтарды үйрететін, ақыретте Алланың разылығына кенелтетін, сондай-ақ уәде етілген мәңгілік жәннаттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жол», - деді Серікжан Еншібайұлы.

Одан өзге бүгінгі таңдағы тәніршілік танымның бағыт-бағдары мен зардабына жіті тоқталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі