Қобда: Ауданның Бас имамы мектеп оқушыларымен кездесті 2477

Қобда: Ауданның Бас имамы мектеп оқушыларымен кездесті

13 ақпан 2023 83 Оқу 1 минут

Қобда ауданының Бас имамы Абай Шимбулатов «Ислам және ізгі қоғам» жылы  аясында 5 бағыттың бірі – «Жат діни ағымдардан сақтандыру» туралы мектеп оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ауданның Бас имамы И.Тайманов атындағы Қобда гимназиясы, қазақ орта мектебі, Қобыланды атындағы Қобда орыс мектебіндегі кездесу барысында «Иманды адам – ізгі қоғам» тақырыбына тоқталып, «Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін рухани жол. Ол– адам бойындағы ізгіліктің көрінісі» екенін атап өтті. Сонымен қатар жат ағымнан сақтану жолдарын баяндады.

Одан өзге кездесу қортындысында мектеп мұғалімдері мен оқушылар имамға діни сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі