Бас мүфти емге жиналған қаражаттың сертификатын табыстады 1309

Бас мүфти емге жиналған қаражаттың сертификатын табыстады

21 ақпан 2022 132 Оқу 0 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына жұмыс сапарында «Науан Хазірет» мешітінің ұйытқы болуымен науқастың еміне жиналған 20 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Бұл қаражат қазіргі таңда Түркияда емделіп жатқан Целиноград ауданына қарасты Софиевка ауылдық мешітінің ұстазы Надира Бекебаеваның отбасына берілді.

Жамағат мешіт ұстазының еміне қаражатты он екі күн ішінде жинап бергенін ерекше атай кеткен жөн.