Ақтөбе: Облыстық бата сайысы өтті 2280

Ақтөбе: Облыстық бата сайысы өтті

22 қараша 2022 226 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ 7 бағытының бірі – дін мен дәстүр аясында сан ғасырлар бойы ислам дінін ұстанған қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастыру мақсатында ақсақалдар арасында облыстық батасы сайысы өтті.

Аталған байқауды облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Дана халқымыздың «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді», - деп айтқан мақалы мағыналы әрі орынды қолданған. Жердің құнарланып, көркеюіне жаңбырдың қаншалықты пайдасы тиетін болса, алып тұлғалы ердің де өсіп-өніп, көркеюіне батаның да соншалықты пайдасы тиетіні шындық», -деді Серікжан Еншібайұлы.

Он беске жуық қатысқан ақсақалдардың батасын республикалық бата жарысының жеңімпазы, «Ақ бата – алтын қазына» таңдаулы баталар жинағының Марат Қабижанұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов саралады.

Жарыс қортындысында Берік Үргенішбайұлы І орын, Қуандық Қабден ІІ орын, Ықылас Асанұлы ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарды облыстың Бас имамы құттықтап, алғыс хат пен «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы және қаржылай сыйлық табыстады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі