Облыстың Бас имамы Темір  ауданында 1350

Облыстың Бас имамы Темір ауданында

25 ақпан 2022 128 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Темір ауданына арнайы іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында Серікжан Еншібайұлы Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев және аудан әкімінің орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаевамен кездесіп, жаңа ауданның Бас имамы Дінислам Абдулинді таныстырды.

Сонымен қатар кездесуде өңірдегі діни ахуалды сөз етіп, аудан имамдарының әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге шақырды.

Одан кейін Бас имам аудандық мешітте жұмаға жиналған жамағатқа «Миғраж түнінің қасиеті» туралы уағыз айтып, жамағатқа ауданның Бас имамын таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ақтөбе облыстық  орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі