Ақтөбеде «Жомарт жұма» жобасы жалғасын тапты 1543

Ақтөбеде «Жомарт жұма» жобасы жалғасын тапты

15 сәуір 2022 136 Оқу 1 минут

«30 күнге 30 шара» жобасы аясында бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Алмат Әлидің мұрындық болуымен «Жомарт жұма» шарасы өтті. 

Игі шарада аз қамтылған және көп балалы, мүмкіндігі шектеулі 15 отбасыға 38 сыңарлы аяқ киім сыйға берілді. Көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі