Темір: Бас имам тағайындалды 1351

Темір: Бас имам тағайындалды

25 ақпан 2022 136 Оқу 1 минут

Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінің Бас имамы болып Дінислам Абдулин тағайындалды.
Ол – бұған дейін Темір ауданында сегіз ай наиб имам қызметін атқарды.

Дінислам Нұрланұлы – Нарықбаев атындағы қазақ гуманитарлық заң колледжі мен «Көк-Төбе» Құран жаттау медресесінің және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған Бас имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

 Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі