Облыстың Бас имамы мен имамдар Қадір түні туралы сұхбат берді 2654

Облыстың Бас имамы мен имамдар Қадір түні туралы сұхбат берді

18 сәуір 2023 116 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасында қонақ болып, мың айдан да қайырлы Қадір түні туралы тікелей эфирде сұхбат берді.

Бағдарлама барысында облыстың Бас имамы: «Алла Тағала Хақ Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر «Қадір түні мың айдан да қайырлы» (Қадір, 2-3) – деген аятты нәзіл етіп, мұсылман үмбетін теңдессіз қуанышпен сүйіншілеген. Әлбетте, бұл – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне деген шексіз қамқорлығы мен рақымы. Өйткені, мың айды жылдарға шағатын болсақ, сексен үш жылдан астам мезгілді қамтиды. Бұл дегеніміз – бір адамның өміріне татитын уақыт мөлшері. Яғни, Қадір түнінде Хақ Тағалаға ынты-шынтымен құлшылық еткен пенде ғұмыр бойы құлшылық еткен болып саналады», -деп маңыздылығына тоқталды.

Одан өзге ұлық түн туралы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Мұхаммедисмаил Шадман мен Азат Ерланұлы «Қайырлы таң, Ақтөбе!» атты бағдарламада қонақ болып, тікелей эфирде сұхбат беріп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі