ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар өтті 1109

ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар өтті

18 қараша 2021 159 Оқу 1 минут

 Бүгін ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар өтті.

Аталған семинарға Ақтөбе өкілдігіндегі ЖАНТ мүшесіндегі имамдар қатысты.

Наиб мүфти Ершат Оңғардың модераторлығымен өткен семинарда ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров ЖАНТ мүшелерінің этикасына тоқталып, жалған мәліметпен жұмыс істеу, әдістемелік нұсқаулықтарды да айтты.

Сонымен қатар Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов жат ағым мүшелері мен диалог жасау методикасын атады.

Одан өзге Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы «Мұсылманның әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында дәріс жүргізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі