«Жастар ісі» секторы ерекше балаларға қуаныш сыйлады 4244

«Жастар ісі» секторы ерекше балаларға қуаныш сыйлады

27 ақпан 2025 205 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айындағы жоспарына сай «Жастар ісі» секторы ерекше балаларға қуаныш сыйлап, Рамазанмен құттықтады.

Ақтөбе қаласындағы «Зейін» ерекше балаларды қоғамға бейімделу орталығыны барып, айлардың сұлтаны Рамазанның ұлықтығын түсіндіріп, мерекелік сыйлықтар табысталды.

«Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның бір мүшесі. Оларға қайырымдылық жасап, мейірімділік таныту әрбір мұсылманның міндеті. Қиындық пен сынаққа мойымаған балалар мен  мекеме басшылығына алғысымды айтамын», – деді сектор өкілі Аслан Қорған.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі