Үш мүмкіндігі шектеулі отбасыға баспана табысталды 2653

Үш мүмкіндігі шектеулі отбасыға баспана табысталды

18 сәуір 2023 170 Оқу 1 минут

Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде облыстық орталық мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында ұлық Рамазан айында «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы негізінде Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі 3 отбасыға баспана табысталды.

Аталған игі шара өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі мен «Жарқын жүрек» еріктілер тобының атсалысуымен жүзеге асты.

Мусина Динара, Калыбаев Жанат, Бисенова Гульназым атты үй иелеріне№ 647, № 648, №649 баспана кілтін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы берді.
Игі іске демеуші болған жандарға Алла Тағала разы болып, кәсіптеріне береке нәсіп еткей!

Айта кетсек, Рамазанның алғашқы 10 күндігінде
Рамазан айында «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясының бесінші баспанасы жалғызбасты, көпбалалы анаға Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласынан табысталды.
«Ел үлесі пәтерге» жобасы алдағы уақытта Ақтөбе өкілдігінің ұйытқы болуымен және жамағаттың қолдауымен Ақтөбе облысында өз жалғасын таппақ.

Ауызбіршілік танытқан дін жанашырларына алғыс айтып, жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын деп тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі